Қоғам • 08 Маусым, 2023

Сапасыз жолдарға жауапсыз маман кінәлі

1699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жол мәселесі өте өзекті. Адам бара алмайтын алыс елді мекендерді айтпағанда, қалаға қатынайтын және қала ішіндегі жолдардың жағдайы мәз емес. Жаңа салынған жолдарды жыл өтпей қайта жөндеуге  тура келеді. Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Жол құрылыс материалдары мен жаңа технологиялар бөлімінің басшысы, химия ғылымдарының PhD Салтанат Әшімова бұл жауапсыз мамандардың жұмысының нәтижесі дейді.

Сапасыз жолдарға жауапсыз маман кінәлі

«Шындығына келсек, кемшіліктер әлі де бар. Оның себептері де белгілі. Еліміздегі бірқатар жолды алып қарасақ, ойдым-ойдым трассалар, бітпейтін жарықшақтар мен шұңқырлар секілді олқылықтар көзге көрініп тұр. Алайда бұл тек Қазақстанға ғана тән мәселе емес. Мұны «әлемдік дерт» деп те атауға болады. Егер әр маман өз міндеті мен істеп жатқан жұмысына немқұрайды қарамаса, бәлкім жолдарымыз әлдеқайда сапалы болар ма еді деген ойға қаласың?!», деді Салтанат Әшімова «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында.