04 Маусым, 2010

МІНДЕТ – ЖОЛАУШЫ ТАЛҒАМЫНА САЙ ҚЫЗМЕТ

621 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендік бастамасымен, баламасыз басшылығымен Арқа төсіне отау тіккен арайлы Астанаға сапарлаған әрбір адам алдымен оның көлік бекеттерінің табалдырығын аттайды. Сондықтан бас қалаға алыс-жақын шетелдерден, ұлан-байтақ еліміздің барлық өңірлерінен жолаушылап келетін жұртшылық автовокзал қызметін тұтынады. Ендеше, ол жоғары сұраныс талабына сай болуы керек. Осыған орай, 2000 жылы Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің шешімімен қалааралық, халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын “Сапаржай-Астана” коммуналдық кәсіпорыны құрылды. Кейіннен ол ЖШС болып қайта тіркелді. 1989 жылы пайдалануға бе­ріл­ген және сол кездегі қаланың та­лап­тарына сай болған автовокзал ғи­ма­рат­ына жөндеу және қайта жаңарту жұ­мыстары аяқталып, қазіргі кезде авто­вокзалдың жаңартылған келбеті темір жол вокзалымен тұтас бір сәулеттік ан­самбльге келтіріліп, елорда тұр­ғын­да­рына және қонақтарына қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңда автовокзал қазіргі заман талабына сай жолаушыларға қажетті барлық мүмкіндіктермен жабдықталған. Соның ішінде, айта кет­сек, намазхана, қонақ үй, меди­циналық пункт, дүкендер, шаштараз, хауыз, ана мен бала бөлмесі сияқты дем алу ор­ындары бар. Сонымен қатар жо­лау­шыларға оңтайлы жағдай жасау үшін тәулік бойы билет сататын 11 касса, диспетчерлік пункт, ан­ық­тама бюросы, қол жүктерін сақтау камерасы, сөйлесу пункті, демалу орындары, түрлі банктердің бес банкоматы, дәмхана, асханалар және түрлі әдебиеттер мен ұсақ-түйек сататын киоскілер жұмыс істейді. Бүгінгі күні елорданың автовокзалы халыққа қызмет көрсету саласында кең инфра­құ­ры­лымды ұсынады. Авто­бус­тармен жолаушылар тасымалы Қазақстан Республикасының барлық қалаларымен және алыс-жақын шетелдермен де қатынастық байланыстағы 146 бағыт бойынша жүргізіледі. Жолаушыларды тасымалдау бойынша 50 тасымалдау­шы­лар­мен келісім-шарт жасалған. Бұдан басқа Ресейдің кейбір қалаларына тұрақты қатынайтын 25 транзиттік рейс тағы бар. Күн сайын 125 рейске дейін жө­нелтіледі. Сонымен қатар кезінде жо­лау­шылар тасымалы болмай бас тартылған Ар­қалық, Шымкент, Ақтөбе, Жетісай, Түмен сияқ­ты бағыттар бойынша бұрынғы бағыттар қал­пына келтірілді. Қалааралық және халықаралық сапарларға жайлы, қауіпсіз осы заманғы автобустар жүреді. Қазіргі кезде “АстанТрансСервис” (директоры М.Егемберді), “Вента” ЖШС (директоры Е.Таутанов), Cath Trans (ди­ректоры В.Маркштейдер), №4 автопарк (ди­рек­торы Н.Смағұлов) сияқты тасымалдаушылар негізгі бағыттарды жүзеге асырады. “Сапаржай-Астана” арқылы 2009 жылға 879287 жолаушы тасымалданса, 2010 жылдың 5 айында 276301 жолаушы тасы­мал­дан­ды. Автовокзалдың жолаушылар өткізу қабілеті тәулігіне 4000 жолаушыны қамта­ма­сыз етеді. Мейрам алдындағы күндерде қызмет көрсету 5000-6000 жолаушыға дейін барады. Жолаушылар үшін көлемі 800 шаршы метр болатын күту залы бар. Автовокзал ғимаратында 150 отырғызу орны және автовокзал аумағында 392 отырғызу орын­дары жабдықталған. Билеттерді сатуды есептеу жүйесі компьютерленген. Автовокзалдың жеке күзет қызметі, сондай-ақ ІІБ постық қызмет пункті жолаушылардың тыныштығын қорғайды. Жолаушыларға мінсіз қызмет көрсету біздің тәжірибелі мамандарымыздың нәтижелі жұмысының арқасы екендігі даусыз. Автовокзалда диспетчерлік пунктпен элек­трон­ды байланыс жүйесі арқылы жалғасқан авто­мат­тан­ды­рыл­ған касса, екі тілде хабарлама жүргізетін анықтама бюросы жұмыс істейді. Мұнда өздерінің еңбек жолдарын ұзақ жылдар бойы біздің мекемемізбен ұш­тас­тырған өз ісінің кәсіби шеберлері қызмет атқарады. Мәселен, осыдан 21 жыл бұрын ұжым табалдырығын аттаған Айсұлу Мол­даярова ауысым диспет­чер­лерінің бастығы болса, 12 жыл бұрын автовокзалға диспетчер-хабарлаушы қызметіне қабыл­дан­ған екі тілді жетік білетін Светлана Трапезникова бүгінде ауысым бастығы болып еңбек етеді. Сонымен бірге осыдан 18 жыл бұрын осы ұжымда еңбек жо­лын бастаған Айтжан Қазкенова кассир қызметін атқарады. Оның ісін Айгүл Дүйсенбаева сияқты әріптестері сәтті жалғастыруда. Кез келген көлік бекетінің басты міндеті талабы жоғары жолаушылардың талғамына сай қызмет көрсету болса, “Сапар­жай-Астана” ЖШС осы мақсат биігінен кө­ріну жолында қолдан келгеннің бәрін жасап келеді. Алдағы уақытта да осы мерейлі міндет үдесінен таймақ емес. Бағдат БАЙЖАНОВ, “Сапаржай-Астана” ЖШС директоры.