Қоғам • 08 Маусым, 2023

Поэзия және полицей

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үркер Үрматов Ұлытау облыстық полиция департаментінде тылмен қамтамасыз ету басқармасының арнайы және әскери қамтамасыз ету бөлімінде инспектор болып қызмет істейді.

Поэзия және полицей

Негізгі міндетін мүлтіксіз атқаратын азаматтың тағы бір ерекше қыры бар екен. Бұл – оның поэзияға деген ықыласы. Әріптестері, оның мұнысына әр кез сүйсіне қарайды.

– Мен ақындардың өлең­дерін жаттап, нақышына келтіріп оқығанды ұнатамын. Әсіресе Махамбет Өтеміс­ұлы­ның өлеңдерін оқығанда, бір қолымда найза ұстап, жауға аттандап бара жат­қан­дай күйге түсемін, – дейді Үркер.

Ол Жамбыл облысы Са­рысу ауданының тумасы. Әкесі ішкі істер органының ар­дагері көрінеді. Ал өзі был­­тырдан бері осы салада қыз­метте екен.

Жас кезінен қазақтың жыр-дастан, қиссаларын жаттап өскен Үркер 2013 жылы Атырауда өткен Махамбет Өтемісұлы оқуларында үшінші орын иеленген. Кейін мұндай байқауларға қатыса қоймапты. Бәлкім, алдағы уақытта Үр­керді сондай байқаулардың додаларынан көріп те қа­лармыз. Қалай бол­ғанда да, полиция қызмет­керлерінің арасында осындай азаматтың жүргенінің өзі керемет емес пе!