Қоғам • 08 Маусым, 2023

Министрдің марапаты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев суға батқан баланы құтқарып қалған Ақтөбе қаласындағы №13 мектептің оқушысы Қолқанат Баққұлды марапаттады.

Министрдің марапаты

Оқыс оқиға 1 маусым күні бол­ған. Қолқанат Елек өзеніне батып бара жатқан баланы құт­қа­рып, алғашқы медициналық көмек көр­сетіп, аман алып қалды. Министр батыр оқушы мен оны тәрбиелеген ата-анасына алғыс білдірді.

– Адамды ажалдан құтқару – үлкен ерлік. Мектеп оқушыларының арасында өзгелерге үлгі болар­лық өжет, ержүрек, батыл бала­лар­дың барын мақтан етеміз. Осындай азаматтарды тәрбие­легені үшін ата-аналары мен мұғалімдеріне алғыс айтамын, – деді Ғ.Бейсембаев.

Қолқанаттың ата-анасы да бал­а­сының ерлігін ескерусіз қал­дыр­ма­ған министрге риза­шылығын біл­дірді.

– Балаларымыздың қайы­рымды, қамқор, патриот болып өсуіне күш салдық. Рухы биік ұр­пақ тәрбиелеуге тырыстық, ұлы­мыздың бұл әрекетін мақтан тұтамыз, – деді оқушының әкесі Ерболат Рзиев.

Педагогтердің айтуынша, Қол­қанат – мектептегі үздік оқу­­шылардың бірі. «Қазақстан тарихы» пәні мен шет тілдеріне қызығушылығы басым. Сонымен қатар мектептің волейбол ко­ман­дасының құрамында ойнайды.

Еске сала кетейік, биыл сәуір айында Оқу-ағарту министрі Аты­рау, Қарағанды, Қызылорда, Сол­түстік Қазақстан және Түр­кіс­тан облыстарынан келген 11 оқушыны ерлігі үшін марапаттап, ата-аналарына алғыс біл­дірген болатын. Мұндай іс-шара дәстүрлі түрде жалғасады.

 

Күннұр БОЛАТБЕК,

Л.Н.Гумилев атындағы

ЕҰУ студенті