Жәдігер • 08 Маусым, 2023

Марал ишанның қылышы

795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 130 жылдығы аталып өтіп жатқан Қостанайдың Ақмешітіне Марал ишанның қайқы қылышы табыс етілді. Көне жәдігер осы күнге дейін облыс орталығындағы Смағұловтар әулетінде сақталып келген.

Марал ишанның қылышы

Қылышты кезінде Марал баба­ның Тосынға ұзатылған қызы Айкүміс өзінің жасау-отауымен бірге ала кеткен кө­ріне­ді. Аласапыран бір замандарда Айкүміс анамыз, киелі қылыш жат қолында кет­песін десе керек, әкесінен қалған қаруды шомның арасына жасырған. Оны кейін мал­шының әйелі тауып алып, қи уатқан. Сол әйел екі-ақ күн ауы­рып, қайтыс болған десе­ді. Кейін оны Айкүмістің не­ме­ресі Смағамбеттен ел ішінде «Хал­­­фе кемпір» атанып кеткен Кен­жебике емші сұ­рап ала­ды. Құнды жәдігер күні бү­гін­­ге дейін Кенжебике ке­ліні Рәй­­кенің қо­лында сақ­талып кел­ген.

Таяуда ғана көне қылыш пен Ма­рал баба­ның немересі Үн­демес ишанның шапанын Ақ­мешітке тапсырған сексен бес жастағы Рәйке әжей: «Алла­ның ама­натын тапсы­ратын уақыт жа­қындап келеді. Кезінде сонау Қызыл­ордадан сұрап келген Марал баба ұр­пақтарына да, сол кездегі об­лыс имамы Ер­­тай қажыға да бермей келіп едім. Енді кө­зімнің тірісінде осы кие­лі жәдігерді баба ме­шітіне, Бектұрсын балама табыс­тағалы отырмын», дейді.

ХІХ ғасырда салынған Ма­рал ишан мешіті өткен жыл­­дың аяғында күрделі жөн­деуден өтіп, қайтадан ел игі­лігіне беріл­ген. Оныншы маусымға жос­пар­лан­ған ме­шіт­тің 130 жылдығына арнал­­ған іс-шаралар аясында Құ­ран жа­рысы, ақындар мүшәй­расы, вело­марафон ұйым­дас­­тыры­лып, республикалық кон­ференция өтеді.

 

ҚОСТАНАЙ