Аймақтар • 09 Маусым, 2023

Ұлтты ұйыстырған Ұлытау

808 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

«Туған ай тураған етпей бірдей» демекші, көзді ашып-жұмғанша Ұлытау-Жезқазған өңіріне облыс мәртебесінің қайта оралғанына жыл толды.

Ұлтты ұйыстырған Ұлытау

Жаңа істі бастау, қордаланған мәсе­ле­лердің шешімін табу оңай еместігі тү­сінікті. Бұл ретте облыс әкімі Берік Әб­ді­ғалиұлы бастаған басшылықтың өңірді дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеп, Үкіметте қорғап, Президенттің қол­д­ауын иеленуі өңір келешегінің кіл­ті іспетті.

Өңірдегі ең басты мәселе – жолдың жағ­дайы. Әсіресе Жезқазған – Қызыл­ор­да көлік жолының 208 шақырымына қа­тысты түйін бұл жолды халықтың сарыла күтіп отырғанына қарамастан, әлі тарқамай тұр. Жезқазған – Қарағанды, Ұлытау – Арқалық жолдарын жөндеуді жеделдетпей Ұлытау өңірін дамыту өте қиынға соғады.

чсм

Рас, облыстың ішкі жолдарын жөн­деу­ге биыл 2,9 млрд теңге қаражат қарас­тырылып, көптен тозығы жеткен ауыл­аралық жолдар жаңарып жатыр. Мұның сыртында әрбір қалада, кенттер мен ауылдардағы көше бойы жолдарын жаңалауға да әдеттегіден көбірек көңіл бөлінуде. Мұның бәрін халық оң бағалап отыр.

Жол жақсарса, қатынас та жақсарады. Қазір Жезқазған – Ерәлиев – Жаңаарқа, Жезқазған – Жәйрем – Қаражал, Жез­қаз­ған – Сарысу автомаршруттары іс­ке­ қосылып, халықтың қатынасына қо­лай­лы жағдай жасалды. Бұрын елдің өза­ра қатынасы пойыздың жүріс-тұры­сы­на ғана тәуелді еді. Айтпақшы, Жез­қаз­ғанның басқа өңірлермен пойыз қа­тынасы да жақсара түсті. Айталық, бұ­рын­ Алматыға аптасына екі-ақ рет жолау­­шылар пойызы қатынайтын болса,­ қа­зір күнара «Тальго» зырылдап тұр.

Жаңа облысты аяғынан нық тұрғызу мақ­сатында Үкімет тарапынан барынша­ қол­дау көрсетіліп жатыр. Қандай ең бас­ты өзекті мәселелер бар, оларға тиіс­ті қаржы бөлініп отыр. Үйтас-Айдос стан­са­сы­ның 2-деңгейін көтеру үшін 8,4 млрд тең­ге қаражат бөлінді. Қазір мұнда қар­қын­ды жұмыс жүріп жатыр. Биылғы жыл­ соңына дейін облыс бойынша құны 10 млрд теңге тұратын 79,9 шақырымды қам­титын су желілері салынып немесе­ күр­делі жөндеуден өтетін болады. Жез­қаз­ған жылу-электр орталығының қа­зан­­дықтарына күрделі жөндеу жүр­гі­зу де, жылу жүйелерін жаңалау да ке­рек. Облыс орталығында су, жылу құ­быр­ла­рын­ толықтай жаңартылып жатыр.

Осы заманғы архитектура же­тіс­­тіктерін пайдалану арқылы жаңа ғимараттар, тұр­ғын үйлер салу бағы­тын­да да тиісті жобалар жоқ емес. Жез­қаз­ған, Сәтбаев қа­лалары мен Жаңаарқа ау­данында бар­лығы 3 мың пәтерлік үй құ­ры­лыстары жүргі­зіледі.

Облыстың ашылуы әлеуметтік сала­ға­, мәдени өмірге соны серпін әкелді. Ай­та­лық, әлі де болса жетімсіз тұстары көп екен­дігіне қарамастан, денсаулық сақтау сала­сына жылт еткен жарық сәулелер түсе бастады. Мысалы, санавиа­ция қызметі жолға қойылды. 463 млн теңгеге 12 реа­номобиль алынып, облыстық «Жедел жәрдемге» берілді. Қазіргі кез­де көптеген емдеу мекемесіне күр­де­лі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Меди­циналық қызмет сапасын жақ­сар­та түсу мақсатында денсаулық сақ­тау мекемелерін ең озық үлгідегі құ­рал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақ­сатында 1,6 млрд. теңге көлемінде қара­жат­ бөлінді.

Ұлытау техникалық университетін ашу туралы шешім Үкімет тарапынан қол­­дау тапты. Университет канадалық әріп­­тестермен бірлесіп ашылмақ. Бір атап айтарлығы, Ұлытау университетін бітір­генде қос диплом алып шығу мүм­кін­дігі бар.

Ұлытау – туризмді дамытуға өте қо­лай­лы өңір. Мұнда тарихи орындар өте көп. Бірақ туристерге қолайлы жағдай ту­дыратын инфрақұрылым жоқтың қасы. Жошыхан кешені пайдалануға берілгелі қызығушылық тіпті арта түсті. Жолдың нашарлығы, қызмет көрсету сапа­сының төмендігі туризмнің кең құл­а­шын жаздырмай отыр. Облыс тек был­тырдан бері ғана бұл мәселелермен шын­дап айналыса бастады.

Облыстың Ұлытау және Жаңа­арқа аудандары негізінен ауыл ­ша­руа­шылығымен айналысады. Облыс өкі­нішке қарай, өз-өзін азық-түлік өнім­дерімен қамтамасыз ете алмай отыр. Әзірге 1,8 млрд теңгенің 5 инвес­ти­ция­лық­ жобасы қолға алынды. Бірақ бұл кө­ңіл көншіте қоймайды. Жұмыс өте қиын жүріп жатыр. Картоп, жуа, сәбіз, қырық­қабат өсіру баяу қолға алынып отыр. Яғни аталған өнімдер әзірге аймаққа бұрын­ғы­сынша сырттан жеткізіліп жатыр.

Облыстың территориясы үлкен, бірақ халқының саны аз. Бұл да – жаңа облыс үшін кәдімгідей проблема. Сон­дық­тан да халықты тұрақтандыру, бас­қа өңірлерден мамандарды тарту қа­жет. Жастарды бұл өңірге тартудың бір амалы оларға арналған «Ulytau Zhastary» бағдарламасының шығуы. Бұл бағ­дар­лама аясында жастарға баспаналы болу үшін «Отбасы банкі» арқылы же­ңіл­де­тіл­ген­ несие берілуде. Бұл мақсатта облыс бюд­жетінен жыл сайын 500 млн теңге бөлін­бек.

Әлем­дік нарыққа дендеп енген, бай тәжі­рибесі бар «Қазақмыстың» жобалары­ жет­кілікті. Соның бірі – құны 7 млрд тең­гелік геологиялық кластер. Мұндай клас­тер әлемнің бес елінде ғана бар екен. Бұл – «Қазақмыстың» фабрикалары мен зауыт­тарын шикізатпен қамтамасыз ететін жоба.

Жыл мұғдарындағы атқарылған жұмыс­тарды бастапқы бастамалар деп қана бағалаған абзал. Ең бас­ты­сы, облыс орнына келді. Жергілікті жұрт­ бұл үшін Президентке дән риза. Ат үстіндегі азаматтар да қол қусырып қарап отырған жоқ. Бағдарламалар түзіп, біртін­деп іске асыра бастады. Мүмкін баяу­лық басым болар, жұмысты ширата түсу керек шығар. Бәрі де мүмкін. Халық өз аза­маттарының ынта-ықыласын кө­ріп­, сезініп жүр. Ал ниет, ынта бар жерде ойға алған нәрсе орындалмай қал­май­­ды. Қазіргі бастапқы бастамаларды ке­­мел келешектің кепіліндей көретініміз де сондықтан.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 1 495 жаңа жұмыс орны ашылады. 

Кәсіпкерлікті дамытуға жыл сайын 376,9 млн теңге көлемінде мемлекеттік гранттар белгіленді. Мұның 100 млн теңгесі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. 

Ауыл шаруашылығы саласында 3,3 млрд теңге мөлшерінде  581 шағын несие беріледі. Аймақта алғаш рет  ауыл тұрғындарына 2,5 %  мөлшермен несие беріле бастады. 

Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр. Оқушылар үшін  облыста алғаш рет 462 млн теңгеге  10 мектеп автобусы алынды. Пәндік кабинеттер (химия, биология, физика, STEM, робототехника) сатып алу 2022 жылы 22 болса,  2023 жылы 46 болды. 

Облыстық «Жедел жәрдем» стансасы құрылды. Санавиация қызметі пайда болды. Облыстық бюджеттен 463 млн теңге бөлініп, 12 реаномобиль сатып алынды. 

Облыста 2022 жылы 1 091 нысанда бейнебақылау, 22  жылдамдық өлшегіш құралы болса, биыл бұлардың саны 2 182-ге жетті. Облыстың барлық мектебі мен балабақшасына бірыңғай бейнебақылау орнатылып жатыр.

 

Әлихан БАЙМЕНОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері:

Ұлы істердің ұйытқысы

Ұлытау облысын құру туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі жұрттың көңілінен шыққан, көптен күткен және бәріміз қуана қарсы алған әділетті шешім болды. Себебі Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары. Әрине, экономика бірінші кезекте, бұл жер асты байлығына, соның ішінде «Қазақмыстың» жұмысына байланыс­ты.

Облыстың құрылғанының өзі Президенттің бұл өңірді да­мы­туға басты назар аударып отырғанын және осы арқылы сол ал­пауыт компанияның да беталысын облыстағы экономикалық-әлеу­мет­тік мәселелерді шешуге бұру қажеттігін түсінгендіктен деп ой­лай­мын. Президент алғашқы сапарында-ақ нақты тапсырмалар бе­ріп, жұмыс бағытын көрсетті. Дегенмен оны әрі қарай алып жү­руде облыстың, аудан, қалалардың басшылары бар әлеуетті то­лы­ғырақ пайдаланып, әсіресе «Қазақмысты» тартуда белсендірек қи­мыл­дауы керек деп есептеймін.

Экономиканың басқа салаларында да қордаланған мәселелер бар. Мысалы, Жезқазған – Қызылорда жолының Қызылорда жағы ер­­терек басталып, қызу жұмыс жүріп жатыр, ал Жезқазған жа­ғында әлі қозғалыс жоқ. Мұны тиісті министр­лікпен тезірек ше­ш­­песе болмайды. Бұл жол кейін Жезқазған – Арқалық жолына ұла­суы керек.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Жезқазғанда арнайы жо­­ғ­ары оқу орнын ашу туралы шешімі өте маңызды. Жалпы ай­мақ­тың адами да, табиғи да әлеуеті бар. Соны кешенді пайдала­ну­ та­банды жұмысты қажет етеді.

Аймақтың тұрақты дамуына негіз қалаған Президенттің ха­лық қолдаған шешімін пайдалана отырып, алға қойылған мін­дет­тер­ді жүзеге асыру – облыстағы азаматтарға сын. Осы істе мен оларға табыс тілеймін. 

 

Ұлытау облысы