Қоғам • 09 Маусым, 2023

Лаңкестік сипаттағы хабарламалар таратқан телефон иелері анықталды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының Telegram аккаунтына және мемлекеттік органдардың мекенжайларына лаңкестік сипаттағы қауіп-қатер бар хабарламалар келіп түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лаңкестік сипаттағы хабарламалар таратқан телефон иелері анықталды

Осындай сарындағы хабарлама «Egemen Qazaqstan» газетінің телеграмдағы ресми парақшасына да келіп түскен. 

Polisia.kz сайтының мәліметінше, полиция қызметкерлері жедел-іздеу шараларын жүргізіп, бірнеше телефонды, сондай-ақ олардың иелері мен пайдаланушыларын анықтаған.

Хабарламаны жіберушілердің арасында Қазақстанның қарапайым азаматтары, оның ішінде кәмелетке толмағандар да бар болып шықты. Бірақ олардың пошта жөнелтілімдеріне қатысы бар екені расталмады.

Олардың барлығы Telegram мессенджерінің белгісіз қолданушылары тарапынан «сваттингтің» (құқық қорғау органдарын хакерленген адресаттарға шақыру үшін ауыр құқық бұзушылықтар туралы жалған хабарламалар) құрбандары болды деген болжам бар.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары құқық бұзушыларды анықтап, көрінеу жалған хабарламалары үшін еліміздің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартып жатыр.

Құқық қорғау органдары жағдайды толық бақылауға алып, алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен басқа да БАҚ қолданушыларын тек ресми хабарларға сенуге шақырды.