Төтенше жағдай • 09 Маусым, 2023

Абай облысындағы өртті сөндіруге 9 тікұшақ жұмылдырылды

237 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Абай облысының әкімдігі орман өртіне қатысты жағдайды баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысындағы өртті сөндіруге 9 тікұшақ жұмылдырылды

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, Островский атындағы мектеп пен колледж ғимаратында екі эвакуациялық пункт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ӨКМ-нің 43 қызметкері және 13 арнайы техника жіберілді.

.

Өрттің таралуын болдырмау үшін орман аймағына іргелес көшелер, соның ішінде Тәуелсіздік көшесі, Оңтүстік және Пионерская ш/а жыртылды.

Өрт орнына түрлі ведомстволардан 786 маман, 187 бірлік техника және 9 тікұшақ жұмылдырылды. Бүгін таңертең сағат 5:35-тен бастап тікұшақтардан жалпы көлемі 263,5 тонна болатын 93 су ағызылды.

.

ТЖМ басшылығының бұйрығымен өртпен күресу үшін қосымша күш жіберілді:

ШҚО ТЖД-дан 15 адам және 5 бірлік техника 5:40-та барды.

Қарағанды ТЖД-дан 29 адам және 6 бірлік техника 17:40-та шығып, Бородулихаға 11:00-де жетті.

Астана ТЖД-дан 68 адам және 12 бірлік техника 17:55-те шығып, Каштак орманында 10:35-те болды.

Астана ТЖД-дан 21 адам және 5 бірлік техника 21:48-де шығып, Семей қаласына 9:20-да жетті, кейін 10:52-де Бородулихаға қарай бет алды.

ТЖ министрі ТЖМ күштері мен мүмкіндіктерін Алматы, Жетісу және Қызылорда облыстарынан қосымша жіберуді бұйырды.

Семей қаласында жағдай қиындаған жағдайда, оның алдын алу үшін 5 өрт сөндіру автоцистернасынан және 1 вахтадан тұратын қосымша колонна дайындалды. Астана, Боралдай, Қызылорда қалаларынан қосымша Ми-8 тікұшақтарын және Көкшетаудан Eurocopter EC145 көп мақсатты тікұшағын өрт орнына жіберу жоспарлануда.

Өрттің таралу қаупіне байланысты Семей қаласының әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялады. Жағдайға байланысты жедел ақпарат ұсыну жалғасады.