Президент • 09 Маусым, 2023

Президенттің Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді

141 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді

«Абай облысындағы алапат өртке байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11-13 маусым күндері Вьетнамға жоспарланған ресми сапары кейінге шегерілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай облысындағы өртті сөндіруге 9 тікұшақ жұмылдырылғанын хабарлаған едік.