Әлем • 10 Маусым, 2023

Түркияда зымыран жасайтын зауыттағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі MKE қорғаныс компаниясындағы жарылыстан қызметкерлер қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда зымыран жасайтын зауыттағы жарылыстан 5 адам көз жұмды

Анкара провинциясының Эльмадағы ауданында орналасқан зымыран техникасы мен жарылғыш зат шығаратын MKE («машина және химия өнеркәсібі») зауытында жарылыс болған. Оқыс оқиғадан бес қызметкер көз жұмды. Бұл туралы бүгін Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Ведомство 10 маусым күні таңертең болған қайғылы оқиғаға байланысты әкімшілік тергеу басталғанын атап өтті. Жағдайды құқық қорғау органдары зерттеп жатыр.

Зауыт қызметкерлерінің жақындары кәсіпорынның алдына жиналып, қандай да бір хабар күтіп тұр.

Зардап шеккен біраз жұмысшы жедел жәрдем көлігімен төңіректегі ауруханаларға жеткізілген. Кейбірінің жағдайы ауыр екені хабарланды.