Тағайындау • 10 Маусым, 2023

Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

Шәріпханов Сырым Дүйсенғазыұлы 1967 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

1991 жылы Қазан қаласындағы М.Чистяков атындағы Зымыран әскерлерінің жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін тәмамдады. Техника ғылымдарының докторы, генерал-майор. Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды.

1997 жылғы маусымнан 1999 жылғы ақпанға дейін – Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар басқармасының Дайындық және оқыту орталығының басшысы.

2008 жылғы қыркүйектен 2010 жылғы ақпанға дейін – Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы.

2014 жылғы қазаннан 2020 жылғы қарашаға дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне қарасты Көкшетау техникалық институтының басшысы.

2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының басшысы қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше