Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
«Тобыл қаласында кәріз құдығына құлап кеткен екі жасар баланың өлімі фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы «Мiндеттерiне адал қарамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген хабарламада.
Тергеу аясында тиісті сараптамалар тағайындалды.