Қоғам • 12 Маусым, 2023

Алматы тауларында заңсыз от тұтатқандарға айыппұл салынды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» Алматы тауларында өрт қаупі жоғары екенін ескертті. Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті арнайы мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы тауларында заңсыз от тұтатқандарға айыппұл салынды

Төтенше жағдайлар департаменті 45-тен астам рейд өткізген. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт қауіпсіздігі ережелерін  бұзған 4 жеке тұлға ҚР ӘҚ 367-бабы бойынша жалпы сомасы 1 380 000 айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар табиғатты қорғау полициясы ҚР ӘҚ 505-бабы бойынша ескерту түрінде 5 хаттама толтырған.

Іле-Алатау ұлттық паркінің 20 мың 805 гектары Алматы қаласының аумағында орналасқан.

«Рейдтік іс-шаралар кезінде тепловизорлармен және құлақтандыру жүйесімен жарақтандырылған пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар), құлақтандыру автомобильдері қолданылады. Барлығымыз білетіндей, қала аумағында орналасқан табиғи парктердің аумағы «Ерекше қорғалатын табиғи аумақ» мәртебесіне ие. От жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеміз, өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа райында шөп тез тұтанады, бұл өртке әкелуі мүмкін. Оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарын темекі тұқылын құрғақ шөпке тастамауға, бөтелкелер, сынған әйнек қалдырмауға кеңес береміз, олар жанғыш линзаларға айналуы мүмкін. Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте  маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз. Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар, жақын аймаққа  қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар  ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді», делінген Алматы қалалық ТЖД хабарламасында.