Саясат • 12 Маусым, 2023

Шолпан-Ата жиынында не талқыланды?

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы екі аптада Орталық Азияға қатысты үш маңызды жиын өтті. Оның әрқайсысының елімізге берер өзіндік пайдасы бар. Экономикалық тұрғыдан үлкен мәнге ие жиындар жайлы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Абай Аймағамбет «Орталық Азия – мүдделер тоғысы» мақаласында егжей-тегжейлі тоқталып өтті. 

Шолпан-Ата жиынында не талқыланды?

Мақала авторы «Шолпан-Ата» жиыны жайлы сөз қозғап, «Орталық Азия - Еуропалық одақ» форматында өткен кездесу айрықша мәнге ие екенін тілге тиек етті. 

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүк тасымалы бағыттарына кеңінен тоқталып, бұл мәселеде ЕО қолдауы аса маңызды екенін атап өтті. 

«Жуырда Қытайға жасаған мемлекеттік сапарымның аясында қытайлық серіктестерімізбен бірге Сиань қаласында логистикалық терминалдың іргетасын қаладық. Бұл порт Орталық Азия территориясы арқылы Еуропаға тікелей контейнерлік пойыздарды жіберу үшін маңызды хаб болмақ. Сондай-ақ біз Транскаспий бағытын Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен ұштастыруға уағдаластық. Қазіргі уақытта Еуропаға экспортталатын Қазақстан мұнайының 80 пайызы Каспий құбыр консорциумы арқылы жүзеге асырылады. Ортақ мүддені ескере отырып, осы құбыр арқылы мұнайдың ұзақ мерзімді жəне тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету аясында Еуроодақ қолдау көрсетеді деп сенеміз», деді Президент. 

Сонымен қатар жиын барысында Халықаралық салық жəне инвестициялық орталық сарапшысы Уэсли Хилл сөз сөйледі. Оның айтуынша, әлем елдері Орталық Азияның энергетикалық ресурсына қызығушылық танытып отыр. 

Мақаланың толық нұсқасын «Egemen Qazaqstan» газетінің №109 (30588) санында оқуға болады.