Саясат • 12 Маусым, 2023

Сиань саммитінің елге берер пайдасы қандай?

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Соңғы екі аптада Орталық Азияға қатысты үш бірдей іргелі жиын өтті. Үшеуінің де экономикалық тұрғыдан елімізге маңызы орасан зор, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сиань саммитінің елге берер пайдасы қандай?

Осы тұста «Egemen Qazaqstan» газетінің  тілшісі  Абай Аймағамбеттің «Орталық Азия – мүдделер тоғысы» мақаласындағы  Сиань саммитіне тоқталып өтсек. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің əлеуетін Қытайдың орасан зор экономикалық қуатымен ұштастыру біздің көп қырлы серіктeстігімізге тың серпін беретінін айтты.

«Қазақстан осы мақсатқа жету үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын. Қазіргі таңда елімізде ұлттық экономикамызды əртараптандыру үшін ауқымды əрі жан-жақты реформа жүргізіп жатырмыз. Шетел инвесторларына қолайлы жағдай жасауға жəне кедергілерді жоюға бағытталған жұмыстар атқарылып жатыр. Тəуелсіздік жылдарында елімізге 350 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Соның 23 миллиард доллардан астамы Қытайдың еншісінде. Қытаймен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты одан əрі дамытуға дайынбыз. Кеше мемлекеттік сапарымның аясында инвестициялық форум өтті. Жиында жалпы құны 22 миллиард доллар болатын бірқатар келісімге қол қойылды. Қазақ тарапы бұл келісімдерді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жұмсауға дайын. Географиялық жағдайымызды ескерсек, біздің еліміз аймақтың жəне тұтас құрлықтың маңызды көлік-логистика дəлізі бола алады. Қазақстан осы аймақтағы елдердің Қытаймен ынтымақтастығын нығайту үшін өзінің экономикалық жəне логистикалық əлеуетін жұмылдыруға əзір. Осыған орай Қазақстан достас Қытаймен ынтымақтастықты нығайту үшін өзінің сау да экономикалық жəне логистикалық əлеуетін іске қоса алады. Елдеріміздің сауда-саттық көлемі 31 миллиард долларға жетті. Төраға Си Цзиньпинмен бұл көрсеткішті 40 миллиардқа дейін жеткізу жөнінде уағдаластық», деді Президент. 

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің Қытаймен сауда-экономикалық қатынасы жыл санап қарқынды дамып келе жатыр. Оған дәлел былтыр сауда айналымы 70 миллиард долларға жеткен (оның 45 пайызы – 31 млрд доллар Қазақстанға тиесілі). Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымын 2030 жылға қарай 100 миллиард долларға жеткізуге барлық мүмкіндік барын Қасым-Жомарт Тоқаев атап өтті. 

Саммит қорытындысы бойынша  мемлекет басшылары Сиань декларациясына қол қойды жəне бірқатар бастаманы қабылдады.