
Абай облысы аумағында төртінші күнге созылған өртті сөндіруге Семей қаласынан 125 ерікті көмек көрсетіп жүр.
Еріктілер күн сайын өрт сөндірушілерге барынша қолдау беріп, азық-түлік, жеке гигиена заттарын әкеліп жатыр, сондай-ақ түнгі уақытта тамақтану пункттерінде кезекшілікте көмектерін көрсетіп жүр.
Озерки ауылдық округінде еріктілер дала асханасын ұйымдастырды, онда өрт сөндіруге қатысушыларды 3 рет ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ Озерки ауылының мектебінде еріктілер демалыс орындарын дайындады.
Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өңірлік мүшелері 2 100 000 теңге қаражат жинады. Қазіргі уақытта 1 000 000 теңгеге бірінші қажеттіліктегі заттар мен азық-түлік сатып алынды.
Барлығы 5 тонна азық-түлік, оның ішінде су, сұйық май, ыстық тамақ, жеміс-жидек, сүт өнімдері жеткізілді.