Теннис • 12 Маусым, 2023

Елімізде – бірінші, әлемде – үшінші

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен еліміздің бірінші, әлемнің төртінші ракеткашысы Елена Рыба­кина Парижде мәресіне жеткен Ролан Гаррос турнирінде үздіктер қатарынан көріне алмаса да, күні кеше жаңарған Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде үшінші орынға көтерілді.

Елімізде – бірінші, әлемде – үшінші

Отандасымыз жүлде қоры 49 600 000 еуроны құраған теннис турнирін сырқатына байланысты үшінші кезеңнен аяқтауға мәжбүр болса да, бұл оған рейтингте жоға­рылауына еш кедергі болмады. Өйткені бұған дейін рейтингте үшінші орында тұрған АҚШ өкілі Джессика Пегула биылғы Ролан Гар­роста былтырғы ұпайын қорғай алмай (ол 2022 жылы ширек финалға дейін жетсе, биыл үшінші кезеңде жеңілді), бесінші сатыға түсіп қалды. Ал Ролан Гарростың биыл үшінші мәрте топ жарған польшалық Ига Швентек – бірінші, Беларусь өкілі Арина Соболенко екінші орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева 58-ден 51-ші сатыға жоғарылады.

Париждегі доданың ерлер арасындағы сайысында үздік шығып, «Үлкен дулыға» санатындағы жеңіс санын 23-ке жеткізген сер­биялық Новак Джокович рейтингте ис­паниялық жас талант Карлос Алькарасті ығыс­тырып, бірінші орынға көтерілді. Аль­карас – екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші сатыға жайғасты. Ерлер арасындағы еліміздің бірінші ракеткашысы Александр Буб­лик ATP рейтингінде 47-орынға тұрақ­тады.