Қоғам • 13 Маусым, 2023

Қаза болған орманшылардың отбасына қандай қолдау көрсетіледі?

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысындағы жағдайға байланысты жедел кеңесте «Қазақстан халқына» қорынан 7 млн теңгеден, сондай-ақ кәмелетке толмаған әр балаға 2 млн теңгеден төленетінін айтты. Сондай-ақ қаза тапқан азаматтардың отбасына қосымша қолдау шаралары көрсетілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаза болған орманшылардың отбасына қандай қолдау көрсетіледі?

1) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне (кәмелетке толмаған балаларға) республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы;

2) отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшесіне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша біржолғы әлеуметтік төлемақы;

3) қажетті жиһазбен жабдықталған тұрғын үймен қамтамасыз ету;

4) БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ несиелерді есептен шығару үшін қайтыс болған адамдар мен олардың отбасыларының қанша несиесі бар екені анықталады.