Қоғам • 13 Маусым, 2023

Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден озды

13222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 13 маусымда танымал қазақ әншісі Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев дүниеден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Димаш Құдайбергеннің атасы өмірден озды

«Қазақты  күллі әлемге танытқан Димаштың атасы, қадірлі ақсақалымыз Құдайберген аға  дүниеден озды. Алла алдынан жарылқағай. Қанат Айтбаев, Света Айтбаева, мықты болыңыздар», деп жазды журналист Бауыржан Бабажанұлы Facebook парақшасында.

Айта кетсек, Димаш атасы Құдайберген Айтбаевтың қолында өскен.