Күндізгі сауда нәтижелеріне көз жүгіртсек, доллардың орташа сараланған бағамы 1,24 теңгеге көтеріліп, 448,62 теңге болды.
Ұлттық банктің 13 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 447,32 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 446,30 теңгеден сатып алынып, 450,41 теңгеден сатылып жатыр. Алматы биржаларында долларды сатып алудың орташа бағамы - 446,00 теңге, сату – 449,48.