Елорда • 13 Маусым, 2023

Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісе отырып, Айғаным көшесінде жол төсемін орташа жөндеу жұмысын бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада тағы екі көше жөндеуге жабылды

Жөндеу жүргізуге байланысты осы жылдың 13-15 маусым күндері аралығында Қ.Мұхамедханов көшесінен Қыз Жібек көшесіне дейінгі Айғаным көшесінің учаскесінде көлік қозғалысы толығымен шектеледі.

Сондай-ақ Тоқтаров көшесіндегі Сусамыр көшесінен Қ.Кеменгерлұлы көшесіне дейінгі жол төсеміне орташа жөндеу жүргізіледі.

Осыған байланысты 14-24 маусым күндері жоғарыда аталған учаскелерде көлік қозғалысы шектеледі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет», делінген әкімдік хабарламасында.