Клиниканың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 28 жастағы пациент ауруханаға «аналық безі кистасы» диагнозымен түскен. Соңғы кезде ісік қатты үлкейген, диаметрі 35 сантиметрге жетіп, көлемі 9 айлық жүктілікпен теңескен.
Гинекология бөлімшесі меңгерушісі Алмат Қоңырқұлжиновтың айтуынша, дәрігерлер мұндай үлкен кистаны бұрын-соңды кездестірмеген.
Тәжірибелі хирург мамандар ісік көлемі үлкен болғандықтан лапаротомиялық операция жасау туралы шешім қабылдады. Ота кезінде кистадан 10 литрге жуық сұйықтық алынған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалған операция сәтті өтті. Дәрігерлер әйелдің репродуктивтік органдарын ғана емес, іштегі нәрестені де сақтап қалды. Қазір екеуінің өміріне төнген қауіп толығымен сейілді, дейді дәрігер.