Балалар • 13 Маусым, 2023

Балғын өнерпаздар жүлдесі

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауылда тұратын жас ұрпақтың өнерге бет бұрғаны қуантады. Жақында Атыраудың өнерпаз оқушылары Ташкент қаласында өткен халықаралық «Zhuldyz art Kazakhstan» байқауынан бас жүл­демен оралды. Бұл байқауға 800-ден астам оқушы қатысып, өнер көр­сеткен.

Балғын өнерпаздар жүлдесі

Мәселен, Махамбет ауданын­дағы Алға ауылында мектеп оқу­шыларынан құралған «Әлқисса» ансамблі бар. Бұл ансамбльдің жас домбырашылары «Балдырған» және «Ақжелең» топтарына бөлін­ген. Жақында екі топтың балғын өнер­паздары аталған байқаудың бас жүлдесін иеленді. Ал жеке орын­дауда Аруна Нысанбай Д.Нұр­пейісованың «Науысқы», Ал­мат Өтеу Ә.Желдібаевтың «Ер­ке сыл­қым», Орынбай Түгел А.Еңсе­пов­тің «Шашу», Мадияр Жанғабыл Ма­хамбеттің «Жұмыр қылыш» күйін орындап, бірінші орынды иеленді.

– «Әлқисса» балалардың халық­аралық байқауында алғаш рет өнер көрсетті. Бұрын елімізде өткен түр­лі конкурстан бірнеше рет жүл­де алған еді, – дейді үйірме жетек­шісі Алмагүл Ермекова.

Оның айтуынша, «Әлқисса» домбырашылар үйірмесі үш жыл бұрын ашылған. Қазір үйірмеге 8-15 жас аралығындағы 65 бала қаты­сып жүр.

Дәл осы байқауға Мақат ауда­нындағы Р.Ғабдиев атын­дағы өнер мектебінің «Гауһар­тас» және «Айханша» би топтары да қа­тысып, бас жүлдеге ие бол­ды. Би топ­тарының жетекшісі Нұр­гүл Еркінқызының айтуынша, кіш­кентай бишілер «Молдавия қыздары» және «Балдәурен» биін орындаған.

 

Атырау облысы