Қоғам • 13 Маусым, 2023

Бүгіннен бастап «Яндекс Карты» навигациялық қосымшасы қазақша сөйлейді

298 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап қазақ тіліндегі «Яндекс Карты» навигациялық қосымшасы барша отандастарымыз үшін қолжетімді болып отыр. Топонимдер және ұйым атауларымен қоса, қосымшаның толық интерфейсі де қазақ тіліне аударылған. Сондай-ақ бағыт ұстануға көмектесетін дыбыстық кеңестер де аударылған.

Бүгіннен бастап «Яндекс Карты» навигациялық қосымшасы қазақша сөйлейді

Осы оқиғаға орай Алматыда баспасөз мәслихаты өтіп, Яндекс Карты өнімінің халықаралық жетекшісі Евгений Шильников пен Қазақстандағы Яндекс Такси басшысы Байдүйсен Тайыр, қазақша Яндекс Карты навигациялық қосымшасы қандай жаңа мүмкіндіктер ұсына алатындығы, Яндекс Таксиде Карт технологиялары қалай қолданылатыны туралы баяндады.

Қазіргі таңда «Яндекс Карты» қосымшасын Қазақстанда 800 мыңға жуық адам қолданса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 85%-ға артық.

Ендігі тжерде Яндекс Карты қосымшасының жаңартулары IOS пен Android-қа шығып та қойған. Мемлекеттік тілдің қосылуы елдегі қазақ тілін білетін және оны күнделікті өмірде қолданатын тұрғындар үшін бұл қызметті бұрынғыдан да ыңғайлы ете түспек.

«Біз Қазақстанның барша халқына мүмкіндігінше ыңғайлы навигациялық қосымша ұсынуға ұмтылып жатырмыз. Енді ол тек орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де қолжетімді болғандықтан, біз осы мақсатқа жақындай бастадық. Дыбыстық кеңестердің қазақ тілінде пайда болуының маңыздылығы туралы бөлек атап өткім келеді, өйткені оны Қазақстандағы Яндекс Карты қолданушыларының  90%-ы пайдаланады», деді Яндекс Карты өнімінің халықаралық басшысы Евгений Шильников.

Сонымен IOS-та қосымшаның тілін телефон баптауында, ал дыбыстық кеңестің тілін – Карт қосымшасының баптауында ауыстыра аласыз: «Дауыстар және ескертпелер» – «Аннотация тілі» – «Қазақша»

Android-та барлығын қосымшаның ішінде ауыстыруға болады. Интерфейс тілін ауыстыру үшін «Баптаулар» – «Карта және интерфейс» – «Тіл» – «Қазақша». Ал қазақша кеңестерді қосу үшін – «Баптаулар» – «Дауыстар және ескертпелер» – «Аннотация тілі» – «Қазақша».