Төтенше жағдай • 14 Маусым, 2023

Абай облысы: өртеніп жатқан жерлердің аумағы азайып келеді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде ормандағы өрттің өршіп тұрғаны бейнеленген жазбалар тарап жүр. Алайда Абай облысының әкімдігі бұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысы: өртеніп жатқан жерлердің аумағы азайып келеді

Жергілікті әкімдік өкілдері айтып өткендей, өрт аумағы біршама азайған. Жағдай бақылауда. Жақын маңдағы елді мекендерге ешқандай қауіп тұрған жоқ.

Төтенше жағдайлар министрлігі үш бағытта жүргізіліп жатқан өрт сөндіру жұмыстары қарқын алып, негізгі өрт ошақтары ауыздықталғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, Абай облысындағы өртті сөндіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 1800-ден астам адам мен 350-ге жуық техника жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 10:20

Ілтипат пен ізет үлгісі

Қоғам • Бүгін, 09:55

Халық құрметтеген құтқарушылар

Құтқарушы • Бүгін, 09:35

Антына адал дәрігер

Қоғам • Бүгін, 09:30