Абай облысында өртті сөндіруге 60-тан астам ТЖМ авиаторы жұмылдырылған, олардың ішінде ұшу қызметінің тәжірибелі мамандарының 11 экипажы, әуе кемелерінде техникалық қызмет көрсету және орындау жөніндегі инженерлік-авиациялық қызметтердің 33 қызметкері, материалдық-техникалық жарақтандыру және жабдықтау мамандары, өңірлік бөлімшелердің директорлары бар.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, авиаторлардың жұмысы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 04:00-де басталып, 23:00-ге дейін жалғасады, кейде одан кеш аяқталады. ТЖМ авиаторлары қауіпсіз ұшуды ғана емес, сонымен қатар авиатехниканы пайдалана отырып өртті сөндіру бойынша күрделі мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге тікелей жауапты.
Өрт басталғалы бері барлығы 2 100-ге жуық рет көлемі 6 000 тоннадан астам су төгілген.