Аймақтар • 15 Маусым, 2023

Ақ халаттыларға алғыс

250 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жетісуда орталықтан жырақ орналасқан ауылдарға жаңа емхана салу ісі жүйелі жүргізіліп жатыр. Әрі соған сай білікті мамандарды тарту жұмысы да қарқынды. Мұны өңір басшысы Бейбіт Исабаев медицина қызметкерлерінің мерекесінде айтты.

Ақ халаттыларға алғыс

Суретті түсірген Руслан Кадыров

Салтанатты іс-шарада облыс әкі­мі денсаулық сақтау сала­­сын да­­­мыту, медициналық инфра­­құ­ры­­­лым­ды жақсарту, меди­ци­налық қыз­­мет­тердің сапасы мен қол­жетім­ді­лігін арттыру бойын­ша өңірде жүр­­гізіліп жатқан жұмыс­тарға кеңі­нен тоқталды.

Бейбіт Исабаевтың айтуынша, биылдан бастап лауазымдық жала­­қы­ға түзету коэффициенттерін белгі­леу арқылы медицина қызметкерлері­нің жалақысын көтерудің бірың­­ғай тәсілдері әзірленді. Соның ар­қа­сында дәрігерлердің жала­қы­сы ауыл­дық жерлерде орта есеп­пен 511 мың теңгеден, ал орта мед­қыз­мет­керлердің жалақысы 291 мың тең­ге­ден, ал қалаларда тиісінше 504 мың мен 268 мың теңгеден асты.

Адамның денсау­лығы мен өмірі – қоғамда ең бас­ты құндылық, ұлт саулығы – баға жетпес байлық. Сіз­дерді денсау­лық сақшысы, күн сайын ерен ерлік жасайтын бей­біт күннің батырлары деп білеміз. Жұмыстарыңызға жай ғана міндет деп қарамай, халыққа жылы сөз­бен, жүрек мейірімімен, жа­на­шыр­­­лық­пен қызмет етіп келесіздер. Сон­­­дық­тан сіздердің Гиппократ ан­тына, адамгершілік мұраттарына адал, ізгі еңбектеріңіз қандай құр­мет­ке де лайық», деді Б.Исабаев.

Құттықтау сөзден кейін, облыс бас­шысы бірқатар медицина ма­ман­дарын Құр­мет грамоталарымен, Алғыс хат­­тарымен марапатта­ды, сондай-ақ 14 аталым бойын­ша үздік­тер анық­тал­ды.

«Стационардың үздік дәрігері» аталымы бойынша облыстық көп­салалы балалар ауруханасы­ның анес­­тезиоло­гия-реанимация бө­лім­ше­сінің меңгеру­шісі Бек Бегім­бетов, ал «емхананың үз­дік дәрігері»  аталы­мында Панфилов ауда­нының көп­салалы ауруханасының жалпы прак­тика дәрігері Анар Рақымбек же­ңімпаз атанды. Талдықорған қа­ла­лық ауруханасы – «Үздік меди­ци­налық мекеме», Көксу ауданы­ның Көксу стансасы – «Үздік дәрігер­лік амбулатория», Қаратал ауданы­ның Үшкөмей ауылының медицина­лық пункті «Үздік меди­циналық пункт» болып танылды. Бірқатар маман «Үз­дік фельдшер», «Үздік эпиде­мио­лог», «Үздік стационарлық медбике», «Емхананың үздік медби­ке­­сі», т.б. аталымдарда жеңімпаз атан­ды. Олардың әрқайсысына 500 мың­­нан 5 млн теңгеге дейін ақшалай сер­тификаттар табысталды.

Сонымен қатар Панфилов, Ала­көл, Кербұлақ, Ақсу және Көксу аудан­да­ры­ның 5 медициналық меке­ме­сі жаңа жедел жәрдем көліктерінің кілт­терін алды.

Облыс әкімі баспасөз қыз­метінің мәліметінше, бүгінде облыс­та 361 ден­саулық сақтау мекемесі жұмыс істейді. Оларда 10 мыңға жуық меди­цина қыз­меткері бар. Мемлекет басшысының тап­сыр­ма­сына сәйкес биылдан бас­тап «Ауылдық денсаулық сақтауды жаң­ғырту» ұлттық жобасы қолға алын­ды. 2023-2025 жылдары ұлттық жоба аясында және жергілікті бюджет қаражаты есебі­нен 17 млрд теңгеге 116 медицина­лық нысан салына­ды. Бұл медицина­лық инфрақұры­лымды кешенді түр­де жақсартуға ықпал етеді.

Денсаулық сақтауды қаржы­лан­дыру көлемі жылдан-жылға ұлға­йып келеді. Тек биылдың өзін­де осы салаға бюджеттен 89,0 млрд тең­­ге бөлінді. Соның ішінде мате­риал­дық-техникалық база­ны жақ­сар­­ту мақсатында биыл жергілік­ті бюд­жет қаражатынан 253 бірлік ме­ди­­ци­налық техника мен 29 бірлік сани­­тарлық автокөлік сатып алуға 4,4 млрд тең­ге қарастырылып отыр. Осы жылы өңірдің 24 елді меке­нінде, негізінен ауылдық жерлерде жалпы сомасы 1,3 млрд теңге­ге 27 блокты-модульді кешен орна­ту жос­парланған. Сондай-ақ тағы 6 ны­сан­­ның құрылысына 2 млрд теңге бөлінген.

 

Жетісу облысы