«Ол жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді.
Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ведомство өкілдері.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сондай-ақ ANTIKOR өкілдері Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз болып есептелетінін еске салды.