Қоғам • 16 Маусым, 2023

Алматы хайуанаттар бағында сусиыр дүниеге келді

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы хайуанаттар бағында Джамбо және Лотти есімді сусиырлардың отбасында кішкентай сусиыр дүниеге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы хайуанаттар бағында сусиыр дүниеге келді

Зообақтың мәліметіне сүйенсек, кішкентай сусиырдың әкесінің есімі – Джамбо. Ол 2007 жылы өмірге келген. 2009 жылы Израильден Алматы хайуанаттар бағына әкелінген. Оның сыңары Лотти 2010 жылы өмірге келген. 2018 жылы Франциядан Алматы зообағына әкелінген.

«Олар бірден жұп болмады. Алғашқы кезде Джамбо Лоттиді сүзіп, қарсылық көрсететін. Уақыт өте келе екеуі тіл табысып кетті. Лотти 22 мамыр күні төлдеді. Кішкентай ұрғашы сусиырдың салмағы 38 келі, бойы 50 см. Қазір олардың жағдайы жақсы. Екеуі даладағы қоршауға орналастырылды», деп хабарлады зообақтың баспасөз қызметі.