Президент • 17 Маусым, 2023

Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес - Президент

3404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Түркістандағы Ясауи кесенесіне ерекше мән берді, деп  хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес - Президент

«Түркістанды Ясауисіз елестету мүмкін емес. Әйгілі ғұлама тұтас түркі дүниесінде ислам дінінің орнығуына зор үлес қосты. Ясауиден бастау алатын қазақ жеріндегі рухани сабақтастық қазірге дейін үздіксіз жалғасып келеді», деді Мемлекет басшысы. 

Сонымен қатар  Президент биыл Қожа Ахмет Ясауидің туғанына 930 жыл толып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы  ғұламаның еңбектерін жан-жақты зерттеп, дәріптеу маңызды екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Ясауитану» ғылыми орталығын немесе институтын құру мәселесін ойластыруға болатындығын да сөз етті.