Президент • 17 Маусым, 2023

Президент: БАҚ – қоғам тынысының барометрі

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылтайда сөйлеген сөзінде БАҚ мәселесіне, оның маңызына әрі дамуына тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: БАҚ – қоғам тынысының барометрі

Президент БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын айтты.

«Ақпарат саясатының тиімділігін арттыру, креативті индустрияны дамыту. Масс-медиа – елімізді жаңғырту ісіне ерекше ықпал ететін сала. Сондай-ақ билік пен қоғам арасындағы пәрменді байланыс құралы. Ақпарат құралдарында түрлі көзқарастар тоғысады. Оны қоғам тынысының барометрі деуге болады. Осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін ақпарат саясатын түбегейлі қайта қарау қажет. Креативті индустрияны жаңа деңгейге көтеруіміз керек. Қазір медиа саласы, кино және сериал, мультфильм, спорт және музыка шоулары, компьютер ойындары мен кітаптар – бәрі бірігіп, біртұтас жүйеге айналды», деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, бұл жүйе озық құндылықтар мен қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Президент бұл саладағы әлеуетіміздің орасан зор екенін айтты. Оны толыққанды жүзеге асыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет.