Биылғы жылдың 23 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру жүріп жатыр. 16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мыңнан астам көлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп тұр. Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.
«Өздеріңіз білесіздер, заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды (яғни, 1 шілдеге дейін). Қазір көптеген азаматтар көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуы мүмкін деп қауіптенеді. Дегенмен мен мынаны айтқым келеді. Биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін өтініш берген барлық Қазақстан азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлаймыз», деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылмаған және осы себепті заңдастырылмаған автокөліктерге келетін болсақ, аталған көлік иелеріне оларды Қазақстан Республикасында 5 жыл мерзімге уақытша есепке қою құқығы беріледі.
«Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап заңдастыруға өтініштерді қабылдау тоқтатылады. Заңдастыру мерзімі ұзартылмайтынын естеріңізге саламыз. Ал, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелде тіркелген автокөліктерді басқаруды жалғастыратын азаматтар болса, оларға қатысты тиісті шаралар қолданылады», деді Қ.Сұлтанбаев.
Елімізде шетелдік көліктерді заңдастырудың аяқталуына екі апта қалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елімізде 2027 жылға дейін 1,3 мың шақырым жаңа теміржол салынады
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
Ірі құрылыс супермаркеті әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Оқиға • Бүгін, 16:40
Мүгедек балаларды кешенді қолдауды көздейтін жаңа заң жобасы әзірленеді
Сенат • Бүгін, 16:20
Каратэден алғашқы командалық әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Бүгін, 16:10
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 16:10
Алматы облысына туристердің келуі рекорд жаңартты
Туризм • Бүгін, 15:50