Әлем • 17 Маусым, 2023

Франциядағы жер сілкінісі: Ла-Лэйн қаласының тұрғындары эвакуацияланды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Францияның батысында 5,3-5,8 балдық жер сілкінісі тіркелді. Құтқарушылар Жаңа Аквитанияның шағын қалаларының тұрғындарын түгел эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды  Egemen.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Франциядағы жер сілкінісі: Ла-Лэйн қаласының тұрғындары эвакуацияланды

Францияның Орталық сейсмологиялық бюросының мәліметінше, елдің батысында жер сілкінісі болды. Жұма күні кешке және сенбі күні таңертең Жаңа Аквитания тұрғындары магнитудасы 5,8-ге дейін жететін жер сілкінісін сезінді.

Жер сілкінісінің ошағы Ниорт пен Ла-Рошель қалаларының арасында орналасқан.

Салдарынан бірнеше адам зардап шегіп, 1100-ге жуық үй жарықсыз қалды. Ла-Лэйн қаласының 500-ге жуық тұрғыны эвакуацияланды.

Соңғы рет магнитудасы 5-тен асатын жерасты дүмпулері Францияда 2019 жылы – Альпі тау бөктеріндегі Дром департаментінде тіркелген.