Аймақтар • 18 Маусым, 2023

Катонқарағай ұлттық паркіндегі өрт оқшауланды

2660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің Ақсу филиалының аумағындағы  өрт оқшауланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Катонқарағай ұлттық паркіндегі өрт оқшауланды

Ресми деректерге сәйкес , Катонқарағай ауданының Сенное ауылынан 3 шақырым жерде, «Катонқарағай ұлттық табиғи паркі» РММ Ақсу филиалының аумағында (Усть-Язовское орманшылығы) тұтанған өрттің жалпы ауданы 15 гектарды құрады.

«Шөп пен бұталарды шарпыған от сағат 14:00-де оқшауланды. Өртті сөндіруге ТЖД-дан 11 адам, орман шаруашылығынан 99 адам және 3 техника, «Авиаорманқорғау» мекемесінен 6 адам және жергілікті атқарушы органнан 7 адам жұмылдырылды», деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде құрғақ шөп пен бұталар өртеніп жатқаны туралы хабарлаған едік.