Оқиға • 18 Маусым, 2023

Астанада банкті басып алған адам өзінің талабын айтты

6450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Kaspi банк бөлімшесін басып алған адам өзінің талабын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада банкті басып алған адам өзінің талабын айтты

Банк бөлімшесін 30 жастағы ер адам басып алғаны белгілі болды. Қолында тапаншасы бар. Ол төрт адамды кепілде ұстап отыр. Егер оның талаптары орындалмаса, үш сағаттан кейін бірінші адамды өлтіретінін айтты. 

Ол банктің барлық активтерін мүгедек балаларға, кедейлер мен мұқтаж жандарға беруді талап етті.

«Қазір филиалда тек банк қызметкерлері ғана бар, бөлімшеде клиенттер жоқ. Полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауыңызды және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуіңізді сұраймыз. Кез келген жалған ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін», деп түсіндірді Kaspi банк қызметкерлері.