Пікір • 18 Маусым, 2023

Кенесарының Құранымен бірге береке келеді

2432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аса мәртебелі ерекше қамқор Алланың атымен бастаймын. Пайғамбар Мұхаммед ғалейһи саламға Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Киелі шаһарда Ұлттық құрылтай аясында бірнеше мәселе айтылды. Соның ішінде Президент ұлттық құндылықтар дәріптелетіні жөнінде баяндады.

Кенесарының Құранымен бірге  береке келеді

Осынау игі бастамалардың орындалуын Жаратушы Ием қазақ еліне нәсіп етсін, халқыма, ел басшылығына абырой бер­сін деп тілеймін. Мемлекет бас­шысы, сондай-ақ керемет жа­ңалықпен бөлісті. Ол – хан Кене­сарының қолындағы қасиетті Құран Кәрімнің табылып, елге қайтарылуы. Иә қаншама уа­қыт өткен соң қасиетті кітап Отаны­мызға қайта оралды. Құтты болсын! Хан Кененің зама­нындай елдің имандылығын нәсіп етсін. Қазақтың бейбіт өмірі қияметке дейін мәңгі болсын. Кенесары хан бабамыз Аллаға сенген намазын тастамаған. Елін жерін қорғаған халқын соңынан ерте білген тұлға. Сондықтан бұл қуанышты хабарды жақсылықтың нышаны деп білеміз. Осы қасиетті кітаппен бірге елімізге құт береке дарысын.

 

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы