Пікір • 18 Маусым, 2023

Қазақ тілі ғылым тіліне айналуы қажет

955 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші құрылтайдың қасиетті Түркістан жерінде өтуінің аса маңызды символдық мәні бар. Бұл жерде мен қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру жөнінде сөз сөйледім. Осы мәселені Президент те айтты. Қазақ тілі тек отбасы, ошақ қасында қалмауы керек. Ана тіліміз білім мен ғылымның тілі болуы қажет.

Қазақ тілі ғылым тіліне айналуы қажет

Мәдениет және спортты түсінетіндер көп. Ал ғылым­ның тілін кім түсінеді? Қазақ деген ел шын мәнінде осы ғасыр­дан өтіп, тарих топырағына көмі­ліп қалмаймын десе, тех­ни­калық ел болуы керек. Тәуел­сіз­діктің төресі – техникалық тәуелсіздік.

Жақсы көлік, жақсы компьютер шығарсақ, экономика күшті болады. Әскер мықты болса, сенің сөзің де өтімді болады. Кейінгі жылдары қа­зақ ғылымына қажетті жағдай жасалып, ерекше көңіл бөлініп жатыр. Оның барлығы бірін­ші тұлғаға байланысты. Жалпы, ғылым мен технологияның да­муы – заңды құбылыс. Біз­дің елімізде бұрынғымен са­лыс­тырғанда гранттың саны көбейді, ғылыммен айналысатын адамдарға мүмкіндік жасалып жатыр.

 

Асқар ЖҰМАДІЛДАЕВ,

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті