Қоғам • 19 Маусым, 2023

Орман өрті салдарынан Торонто түтінге оранды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазір Онтарионың солтүстігінде және көрші Квебекте ормандар өртеніп, Торонто тағы да өрттің түтініне оранды, деп хабарлайды Egemen.kz CTV арнасының Ұлттық метеорологиялық бюросына сілтеме жасап. 

Орман өрті салдарынан Торонто түтінге оранды

Торонтодағы ауаның ластану деңгейі 10 балдық шкала бойынша 7 балды құрайды. Бұл деңгей ауаның ластануы үшін өте қауіпті.

Мамандардың айтуынша, 19 маусымда қаладағы экологиялық жағдай жақсаруы мүмкін.

Бұдан бұрын хабарланғандай, АҚШ-тың Миннесота және Висконсин штаттары ауа сапасының нашарлауы туралы ескерту жасаған еді. Өйткені жел Канададағы өрттен түтін әкеледі деген болжам бар.