Футбол • 20 Маусым, 2023

Еуро-2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

2644 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің матчында Қазақстан құрамасы Белфастта Солтүстік Ирландиямен ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуро-2024: Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеуінде төртінші тур ойынын өткізді. Ойын алаңында футболшыларымыз табандылық танытып, қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Матчтағы жалғыз голды алаңға 88-минутта шыққан Абат Айымбетов соқты. «Астана» шабуылшысы өз аймағында допты қабылдап, британиялық команда қорғаушыларын қапы қалдырды. Тура қақпаға қарай жылжып, допты Бэйли Пикок-Фаррел қорғайтын қақпаға дәл бағыттады.

Матч аяқталған соң команданың бас бапкері Магомед Адиев ойыншыларға ризашылығын білдірді.

Төрт турдың қорытындысы бойынша ұлттық құрамамыз тоғыз ұпай жинады. Ал Солтүстік Ирландияның үш ұпайы бар. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 7 қыркүйек күні өз алаңында тоғыз ұпай жинаған Финляндиямен өткізеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024