Шавкат Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде америкалық Белал Мұхаммадпен кездеседі. Жекпе-жек жиырма бірінші қазанға жоспарланған. Белал Мұхаммад ММА-де 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен.
Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесуінің бәрінде жеңімпаз атанған. UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмонов алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.