Құжаттың негізгі мақсаты − сұйытылған мұнай газының айналымын реттеу жөніндегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіру. Мәселен, заңда жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын мемлекеттік реттеуді белгілеу көзделіп отыр.
Құжатта сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жетілдіру, үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қызметін сақтау, сондай-ақ желілерге қосылуға техникалық шарттарды қолдану мерзімін ұлғайту мен мерзіміне шектеу қою бөлігіне нормалар бар.
Комитет мүшелері талқылау қорытындысы бойынша заңды Палата отырысына қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.