Халел Арғынбаев Алаш ардақтысы Жүсіпбек Аймауытұлының елі – Әулиелі Қызылтауда дүниеге келген. Тірісінде этнография саласының көшбасшы ғалымы атанып, соңына елеулі зерттеу еңбектерін қалдырды.
«Қазақ этнография ғылымы Халекеңнен басталады. Халекең үлкен кітап түгілі, әр мақаласына барынша жауапты қарайтын, ғылымдағы асығыстыққа қарсы адам еді. Ол жағынан Халекеңді ғылымдағы академиялық дәстүрдің өкілі деп толығымен атауға болады. Біз кандидаттық диссертациямызды отызға жетер-жетпесте асығып қорғап жатқанымызда, ол кісі өзінің 36 жасында алғашқы ғылыми атағын қорғаған», деп жазған белгілі ғалым Жамбыл Артықбаев.
Сондай-ақ ғалым Халел Арғынбаевты Ш.Уәлихановтың, оның досы Н.Потаниннің жолын жалғастырушы деп айтуға болатынын айтты.