Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.
«Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан хабарламада
Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында бұршақ жауып, жел күшейеді.