Энергетика • 21 Маусым, 2023

Қазақстанда жылу желілері 54%-ға тозған

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі Мәжіліс отырысы барысында Жоғары есеп палатасының басшысы Наталья Годунова жылумен жабдықтау саласындағы менеджменттің тиімділігін тексеру мақсатында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды. Тексеріс барысында 23 млрд теңге көлемінде қаржылай бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жылу желілері 54%-ға тозған

Мемлекеттік аудит 47 мемлекеттік мекеме мен 44 табиғи монополия субъектісінде жүргізілді. Дәлірек айтқанда 140 миллиард теңгеден астам бюджет қаражаты мен 480 миллиард теңге активтің игерілу тиімділігі сараланды.

Наталья Годунованың айтуынша, аудит нәтижесінде 23 млрд теңге көлемінде қаржылай бұзушылықтар, 37 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, 117 млрд теңге көлемінде экономикалық шығын мен жоғалған пайда анықталды.

Айта кетсек, 2020-2022 жылдар аралығында Қазақстанда жылумен жабдықтау объектілерінің құрылысына және жөндеу жұмыстарына 250 миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 84 миллиард теңге бөлінген

«Бүгінде жылумен жабдықтау объектілері тозып кеткенін байқап отырмыз. ЖЭО жабдықтары республика бойынша орта есеппен 66%-ға тозған. Жылу желілерінің тозуы 54%-ды құрап отыр. ЖЭО жалпы санынан 76%-ының пайдалану мерзімі 50 жылдан асқан. 24%-ының пайдалану мерзімі 30 жылдан асқан. ЖЭО-ның орташа қызмет ету мерзімі – 61 жыл», деді Наталья Годунова.