Күндізгі сауданың нәтижесінде доллар бағамы 0,9 теңгеге төмендеп, 447,40 теңгені құрады.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 21 маусымдағы бір долларға арналған ресми бағамы 448,30 теңгені құрайды.
Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,60 теңгеден сатып алынып, 449,56 теңгеден сатылып жатыр.
Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу бағамы 446,02 теңге, сату – 449,00 теңге.