Пікір • 21 Маусым, 2023

Идеологиялық шешімдер айқындалды

207 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Идеологиялық шешімдер айқындалды

Еліміздің ұлттық бірегейлігі мен құндылықтарына арналған Түр­кістандағы екінші Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа болмысты орнықты­руға байланысты стратегиялық ұста­нымдарды айтты.

Ұлттың жаңа болмысын қалып­тас­тырып, дамыту жолында өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік, білімпаздық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді Темірқазық ету өзекті. Мемлекет басшысы дизайн код арқылы мемлекеттік нышандарды жетілдіру, ұлтымыздың тарихи санасын жаңғырту, мәдени мұрамызды сақтап, насихаттау бағыт­тарын ерекше айтып өтті. Осыған байланысты қайталанбас қастерлі тарихымыздың көптомдық жинағын келер жылы аяқтауды тапсырды. Ол барша азаматтарымыз үшін оқуда өте тартымды болуы шарт екендігіне тоқталды. «Байбарыс» орденін енгізу туралы ұсыныс жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда жас буынның тәр­биесіне байланысты да құнды ойларын жария етті. «Тәуелсіз Қазақстанда рухы азат, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіп келеді. Олар ғылым-білім, музыка, кино, спорт және басқа да салаларда табысқа жетіп, бүкіл әлемге танымал бола бас­тады. Жастарымыз туған жердің қайталанбас ерекшелігін және туған елдің бірегей болмысын жер жүзіне танытып жүр», деп жастардың бойындағы патриоттық сезімдерінің рөліне ерекше мән берді.

Бүгінгі жастар – ұлтымыздың ер­теңгі болмысы. Сондықтан бала­ла­ры­мыздың адал, тәрбиелі, білімді, де­н­саулығы мықты, саналы да саламатты еңбекке деген құлшынысы жоғары азамат болып қалыптасып, адамгерші­лік және моральдық қабі­леттері дамуы аса маңызды. Осы жол­да ата-аналар қоғамдастығы, мектеп және бүкіл қоғам болып тәрбие жұмысын жетілдіруге күш салуымыз қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тәр­бие жұмысының басымдығын айқын­дай отырып, «Балалар кітапхана­сы» атты жаңа бағдарламаны орындауды тапсырды. Мемлекеттік басқару тетігіндегі жаңа бағыттарды жүйелі да­мыту, ақпарат саясатының тиім­ділі­гін арттыру, креативті индус­трия­ның инновациялық технологияларын дамытудағы рөлін, мемлекеттік саясат­та талдау, сараптама жасау қызметін сапалы жүргізуге байланысты жүйелі әдіс-тәсілдерді дамыту қажеттілігін атап өтті.

Президентіміз кітаптар мен басылымдарды – идеологияның негізгі бағыт­­­тары ретінде айқындады. Жазу­шы­­лар одағының ерекше рөліне тоқталды. Сондай-ақ 24 сағат жұмыс істейтін Президент кітап­­ханасын ашу қажеттігі туралы айтты.

Ауыл мек­теп­те­рінің дамуын білім саласының нақты стратегиялық бағыты ретінде ай­қындады. Шекара маңын­дағы ауыл­дар­дың әлеуетін арттыруда Катонқара­ғай, Марқакөл, Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы бастама көтерді.

Ұлттық құрылтай еліміздің ен­ді­гі дамуына жаңа идеологиялық не­гіз болар шешімдер айқындалған жиын болды. Президент егемен елі­міз­ді нығайтуға ұсынған бағдарын орнық­тыру жолында үлес қосуға даяр екен­і­мізді атап өтемін. Барлық қоғам өкіл­ін осы жолда табанды еңбек ету­ге шақырамын.

 

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА,

Мәжіліс депутаты