Қоғам • 22 Маусым, 2023

Сенат электр самокаттарын пайдалану талаптарына қатысты заңды мақұлдады

5951 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты электр самокаттарын пайдалану талаптарына қатысты заңды мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат электр самокаттарын пайдалану талаптарына қатысты заңды мақұлдады

Заңға сәйкес, электр самокатпен 18 жасқа толған азаматтар жүре алады. Самокат жүргізушісінің кез келген санаттағы көлікті басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, шлем, ал тәуліктің қараңғы уақытында үстінде жарық шағылыстыратын белгілер болуы тиіс.

Заң жобасы Президенттің қол қоюына жіберілді.