Қоғам • 22 Маусым, 2023

Ереже бұзған самокат жүргізушісіне қандай жаза қолданылады?

6077 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев дулығасыз, жүргізуші куәлігінсіз және жарық шағылыстыратын киім кимеген самокат жүргізушілері қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ереже бұзған самокат жүргізушісіне қандай жаза қолданылады?

Сенаторлар бүгін электр скутерлеріне жолдың оң жақ жолағында, соның ішінде бір жолақты автобус жолағында жүруге мүмкіндік беретін скутерлерге қатысты заң жобасын мақұлдады. Бұл ретте, скутердің жүргізушісі кемінде 18 жаста болуы керек, ол дулыға және шағылыстыратын киім киген болуы керек, сондай-ақ кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы керек.

Сенат отырысында журналистер ереженің бірін бұзса, скутер жүргізушісін қандай жаза күтіп тұрғанын сұрады.

«Енді электроскутер жүргізушілері жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін екі бап – ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын басқа талаптарды бұзғаны үшін 620-бабы бойынша (барлық басқа құқық бұзушылықтар кіреді) жауапкершілікке тартылады. Айыппұл көлемі - 5 АЕК», деді Қайсар Сұлтанбаев.

Еске салайық, заңның негізгі мақсаты - қалыптасқан құқықтық олқылықты жою және шағын электрлі көліктердің, сондай-ақ электр мотороллерлерінің жұмысын заңнамалық реттеуді енгізу. Заң «Жол жүрісі туралы» және «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынады.