- «Ашық НҚА» порталында қазақстандық әртістердің гонорары туралы қате ақпарат жарияланды. Айта кетейік, әртістер мемлекеттік концерттерге тегін қатысады. Олардың көпшілігі қайырымдылық концерттерге белсенді атсалысады. Мәдениет комитетінің басшылығы мемлекеттік концерттерді өткізуге жұмсалатын шығындарды ұлғайту туралы шешім қабылдаған жоқ, - делінген министрлік хабарламасында.
Бүгін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан эстрада жұлдыздарының гонорары туралы ақпарат жарияланған еді. Алайда Мәдениет және спорт министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше
Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізілуі мүмкін
Білім • Кеше
Аймақтық қоғамдық кеңестерге арналған стади-тур өтті
Қоғам • Кеше