Оқиға • 22 Маусым, 2023

Атырау базарында ірі өрт шықты

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда «Дина» сауда базарының аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау базарында ірі өрт шықты

Ресми мәліметке сәйкес, 22 маусым күні сағат 13:04-те Атыраудағы Абрахманов көшесінің бойында орналасқан әмбебап дүкендердің бірінен қара түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіру бөлімшелері шақырылған жерге жеткенде дүкеннің шатыры ашық отпен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 800 шаршы метрді құрайды.

ТЖД қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі таңда өрт жойылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.